Ссылки доступа

Ұсталған тәжік діни қызметкері экстремизммен айыпталып жатыр


Мавлави Абдулло Язгуломи атымен танымал діни қызметкер Абдуллобек Кувватбеков.
Мавлави Абдулло Язгуломи атымен танымал діни қызметкер Абдуллобек Кувватбеков.

Азаттықтың тәжік қызметі дереккөзінің хабарлауынша, таяуда ұсталған тәжіктің діни қызметкері Мавлави Абдулло Язгуломи екі айға қамауға алынған.

Оған діни экстремизмді ашық насихаттады деген айып тағылған. Бұл бап бойынша, ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мавлави Абдулло Язгуломидің туыстары тергеу абақтысына оған азық-түлік беріп тұрғанымен, әлі кездеспегенін айтады.

Өткен аптада діни қызметкер туып өскен Вандж ауданының тұрғындары оны босатуды талап етіп, митинг ұйымдастырған. Бірақ наразылық күшпен таратылды. Үш адам ұсталған.

Мавлави Абдулло Язгуломиді 18 маусымда құқық қорғау органдарының қызметкерлері үйінен алып кеткен. Сол кезде үйіне де тінту жүргізіп, діни кітаптар мен 80 мың долларды тәркілеген. Туыстарының айтуынша, бұл қаражат адал еңбекпен тапқан ақша. Жақында олар Ванджадан Душанбеге үш жүк көлігімен алма әкеліп сатқан. Ол ақшаға Душанбеден үй сатып алмақшы болған.

Мавлави Абдуллои Язгуломи әлеуметтік желі арқылы діни насихат жүргізіп отырады. Негізінен ол ұлттық бірлік пен дінді насихаттайды дейді сарапшылар. Осы оның ұсталуына осы видеолар себеп болып отыр дейді.

XS
SM
MD
LG