Ссылки доступа

Қырғыз парламенті жалған ақпараттан қорғау жөніндегі заң жобасын қабылдамады


Жогорку Кеңештің 30 маусымдағы отырысында "Жалған және анық емес мәліметтен қорғау жөнінде" заң жобасы өтпей қалды.

Парламенттегі 59 депутат "ия" деп дауыс берсе, 38-і "қарсы" болды. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдануы үшін 61 дауыс болуы керек.

Дауыс беруден кейін депутат Бактыбек Райымкулов бірқатар депутаттар шатасып кетті деп, қайта дауыс беруді өтінді. Бірақ депутат Дастан Бекешев қайта дауыс беруге қарсы болды. Осыдан кейін парламент басқа мәселені қарауға көшті.

28 маусымда Жогорку Кеңештің салалық комитеті заң жобасының қабылдаған. Біраз депутаттар бұл заң жобасы елде сөз бостандығын шектейді деп қарсы болған. 30 маусымда заң жобасы парламентте қаралып жатқан тұста, белсенділер Жогорку Кеңеш алдында митингіге шықты.

Change.org платформасында құжатқа қарсы онлайн қол жинау жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG