Ссылки доступа

Өзбекстан жасырын экономика бойынша Орталық Азияда бірінші орында тұр


2019 жылы Өзбекстан жалпы ішкі өнімінің 52,11 пайызы жасырын экономикаға тиесілі болған. Республиканың кедейлікпен күрес және экономикалық даму министрлігі осылай деп хабарлады.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының мәліметі бойынша, Өзбекстан жасырын экономика бойынша Өзбекстанда бірінші орында тұр.

Бұл көрсеткіш Тәжікстанда 40,76%, Қазақстан - 36,65%, Қырғызстанда 30,53% болды.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда жасырын экономика 2003 жылдан бері өскен. Атап айтқанд, 2003 жылы жасырын экономика үлесі 35% болса, 2011-2017 жылдары 45-50 пайызға жеткен.

Сарапшылар дерегі бойынша, 2019 жылы жасырын экономика 16-17 миллиард доллар шығын әкелген.

XS
SM
MD
LG