Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі шекарадағы жанжалдан зардап шеккендерге өтемақыны тез арада төлеуді тапсырды


Қырғызстан үкіметінің басшысы Ұлықбек Марипов Баткен облысында шекара маңындағы ауылдарды қалпына келтіру және дамыту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын видеоконференция көмегімен өткізді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысының айтуынша, қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал кезінде зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіру мен дамыту жұмыстары есеп үшін емес, нәтиже шығару үшін атқарылуы тиіс.

"1 қыркүйекке дейін білім беру мекемелерінің құрылыстары толық аяқталуы керек. Шығынды есептеуді ешқандай бюрократиялық кедергісіз жүргізіп, ал зардап шеккендерге өтемақы тез арады төленуі тиіс", – деп мәлімдеді Марипов.

Еске салайық, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 28-30 сәуірде қарулы қақтығыс болып, соның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Баткен облысында 136 үй, мектептер мен шекара бекетері өртенді немесе қирады. Шамамен 58 мың адам көшуге мәжбүр болды. Тәжікстан 14 үйдің қирағанын хабарлады. Соғды облысында шамамен 15 мың адам жанжал аймағынан көшірілді.

XS
SM
MD
LG