Ссылки доступа

Бұдан былай Ресейге баратын ЕАЭҚ-қа мүше елдердің азаматтары саусақ іздерін тапсырады


Ресей президенті Владимир Путин еліне жұмыс істеуге келетін мигранттардан саусақ іздерін алатын және қатерлі ауруы жоқ анықтама талап етілетін құжатқа қол қойды.

Құжат құқықтық ақпараттар жөніндегі ресми сайтта жарияланды. Заң жобасы ең алдымен Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше елдердің азаматтарына бағытталған.

Заң сонымен бірге мигранттардың елде жүру мерзімін шектейді.

Бұл құжат Ресей думасына түскен кезде, ресми өкілдер ұлттық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған деп мәлімдеген.

2020 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша, Ресейде ЕАЭҚ-қа мүше елдердің 2,5 миллион азаматы бар. Бірақ бұл құжаттың Беларусь азаматтарына қатысы жоқ. Негізінен Армения, Қазақстан және Қырғызстан азаматтарына бағытталған.

XS
SM
MD
LG