Ссылки доступа

Ташкентте Covid-орталықтар қайтадан ашылып жатыр


Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты астанада Сovid-орталықтар қайтадан ашылып жатыр.

Ташкент әкімдігінің баспасөз қызметі жариялаған видеодан астана басшысы Жахонгир Артикхожаевтың "Ешлик" спорт кешеніндагі Сovid-орталығына барғаны білуге болады.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, осындай орталықтар "Өзэкспоорталық" кешенінде және "Өзниверсал" спорт кешенінде қайтадан ашылған. Осы үш мекемеде 2000 науқасқа арналған орын болады.

Өзбекстанда covid-орталықтар былтыр қараша-желтоқсан айларында жабылған. Биыл сәуірде олардың кейбірі қайтадан ашылған.

Өзбекстанда маусым айының аяғында коронавирус жұқтырғандар көбейді. Өткен аптада үкімет өкілдері елде аса қауіпті "Дельта" штамы тіркелгенін хабарлады. Содан кейін республикалық арнайы комиссия 28 маусымнан бастап карантин шектеулерін күшейтті.

XS
SM
MD
LG