Ссылки доступа

Қырғызстанда сот белсенді Жениш Молдокматовтың қамаудағы мерзімін созды


Бішкектегі 1-май аудандық соты 1 шілдеде белсенді Жениш Молдакматовты қамауда ұстау мерзімін созды.

Аудандық соттың хабарлауынша, тергеу изоляторында ұстау мерзімі 6 қыркүйекке дейін ұзарды.

Саясаткердің адвокаты Урмат Сыдыковтың мәлімдеуінше, қорғаушы тарап сот шешімімен келіспей, жоғары тұрған инстанцияға шағым түсіреді.

Жениш Молдокматов 6 мамырда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. 1-май ауданды соты белсендіні 6 шілдеге дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарған. Қорғаушылар қалалық сотқа шағымданып, Молдокматовты үйқамаққа ауыстыруын сұраған, бірақ сот шешімді өзгертпеді.

Модокматовтың адвокаты саясаткердің ұсталуын саяси қуғындау деп сипаттады. Бұның алдында Молдокматовтың өзі де милицияда тергелгенін саяси ұстанымымен байланыстырған.

XS
SM
MD
LG