Ссылки доступа

Қырғызстан жем-шөп жетпегендіктен малды экспорттауға салынған тыйымды алады


Биыл 8 шілдеден бастап Қырғызстан малды экспорттауға салынған тыйымды алып қастайды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Рахатбек Ибраев хабарлады.

Оның айтуынша, министрлің биыл елде жем-шөптің жетіспеушілігінен осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған. "Бірақ шетелге жем-шөп шығаруға тыйым салынады", - деді ол. Министрлік өкілінің айтуынша, Қырғызстаннан жем-шөпті негізінен көршілес Қазақстан экспорттайды.

Еске салайық, былтырғы 19 қарашада үкімет малды шетелге шығаруға тыйым салған. Сол кезде билік мұндай шешімін елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қадылданды деп түсіндірген.

Бұның алдында қырғыз үкіметі ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірнеше түрін шетелге сатуды тыйған. Қырғызстанда азық-түлік қымбаттап бара жатқан соң үкімет осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды. Елді биыл қуаңшылық жайлады.

24 шілдеде өткен үкімет отырысында экономика және қаржы вице-премьер-министр – министрі Акылбек Жапаров екі-үш айда шекаралар жабылатынын, Қырғызстан азық-түліксіз қалуы мүмкін екенін мәлімдеген. "Осы бастан іске кірісу қажет. Эшелондармен, ұшақтармен тіршілік үшін маңызды азық-түлікті тасып алу керек.Сәл кідірсек, 2-3 айда шекаралар жабылып қалады", - деп мәлімдеді. шенеунік.

XS
SM
MD
LG