Ссылки доступа

Тәжікстанда шекарадағы жанжал кезінде қираған 29 үй жаңадан салынды (видео)


Тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалдан екі ай өткенде Чоркух жамоатында қираған үйлер қайтадан көтерілді.

2 шілдеде Соғды облысының басшысы тұрғындарға жаңа үйлердің кілттерін салтанатты жиында тапсырды. 28-29 cәуірде болған қарулы жанжал кезінде Чоркухтағы Сомониен 0ыста5ында 16, ал Ходжаи Аъло ауылында алты үй қирады.

Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзода жаңа үйлердің кілттерін тапсыру салтанаты кезінде шекарадағы жанжалда 29 отбасының үйі өртенгенін мәлімдеді. "Олардың ешқандай мүлкі, тіпті киімі де қалмады. Біз оларға киім, азық-түлік, көрпе-жастық, жиһаз, кір жуғыш, тоңазытқыш, бір сөзбен айтқанда - президент тапсырғандай, тіршілікке қажеттінің бәрін бердік", - деді Ахмадзода.

Қарулы жанжалдан қатты зардап шеккендердің бірі - Ходжаи Аъло ауылындағы Низомиддин Шамсиддиновтің отбасы. Шекарада қақтығыс болғанда отағасы төрт баласымен Ресейде жұмыс істеп жүрген. Оның бүкіл мүлкі, көп жыл жинаған қоры өртеніп кетті.

Шамсиддинов бір жарым ай көршілердің үйлерін паналағанын айтты. "45 күн бойы бөтен біреудің үйінде қаңғыбас сияқты жүрдім. Аз уақытта менің жарамсыз болып қалған 11 құрылысым қайтадан көтерілді. Үйге қажеттінің бәрін берді", - дейді ол.

Қираған, өртенген үйлерді жаңадан салуға мемлекет қана емес, асар арқылы жиналған қаражат жұмсалды.

Дома 29 жителей Исфары, пострадавшие в ходе приграничного конфликта, отстроены заново
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:49 0:00

Қырғызстан билігі шекарадағы қақтығыс шығынын ресми түрде жариялады. Алайда тәжік билігі шығын туралы ешқандай ресми мәлімет таратпады. Дегенмен Озоди радиосының дереккөздері шығынды шамамен 12 млн сомони (1 млн доллардан асады) деп есептеген.

XS
SM
MD
LG