Ссылки доступа

Тбилисиде ЛГБТ маршына қарсылар жаппай тәртіпсіздік көрсетті


Противники ЛГБТ-марша в Тбилиси

Грузия астанасында ЛГБТ өкілдері ұйымдастыратын шеру қарсаңында бұл маршқа қарсылар жаппай тәртіпсіздік жасады.-сообщества в защиту прав секс-меньшинств.

Тбилисидегі прайдты ұйымдастырушылар шеруі жұма күні кешке Руставели даңғылында өтеді деп жоспарлаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, маршқа қарсы ондаған адам ЛГБТ шеруін ұйымдастырушылар отыратын үкіметтік емес ұйым кеңсесінің алдына жиналды. Акцияға қарсылар күшпен парламент ғимараты алдына былтыр қарашада оппозиция тіккен бірнеше шатырды күшпен жұлып тастады. Полиция оларға бөгет болмаған, деп жазды "Интерфакс". Агенттік мәліметіге қарағанда, даңғылға маршқа қарсы мыңдаған адам жиналған.

Парламент ғимараты алдында 5 шілдеде бірнеше журналист пен оператор шабуылға ұшырады. Олардың жарақаты жеңіл. Шабуыл жасағандар Грузиядағы журналистер ЛГБТ қауымдастығы идеясын насихаттады деп айқайлады.

Премьер-министр Ираклий Гарибашивили астана орталығында өтетін марштың өтпегені дұрыс екенін айтқан. Оның пікірінше, мұндай акция азаматтық қоғамды екіге жаруы мүмкін.

XS
SM
MD
LG