Ссылки доступа

Тбилисиде Азаттықтың грузин қызметінің журналистеріне шабуыл жасалды


Дато Коридзе мен Торнике Мандария
Дато Коридзе мен Торнике Мандария

Грузия астанасы Тбилиси қаласында БҰҰ өкілдігі алдында Азаттықтың грузин қызметінің журналистері Торнике Мандария мен Дато Коридзеге шабуыл жасалды. Олар сол маңда журналистік міндетін атқарып жүрген.

Ақпаратқа қарағанда, журналистердің техникалық құралдары сынған.

Тбилисиде 5 шілдеде сексуалдық азшылық маршы алдында тәріпсіздік орын алған. Оған дейін Грузия парламентінде де бірқатар журналистердің сабалғаны хабарланған. Оларға ультраконсервативті және радикалды қозғалыстың мүшелері шабуыл жасаған.

Грузияның ішкі істер министрлігі журналистерге жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG