Ссылки доступа

Тәжікстан президенті күйеу баласын Түркияға елші етіп тағайындады


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 5 шілдеде Ашрафжон Гуловты өлкенің Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындады.

Осыған дейін елші Махмадали Ражабиён зейнетке шыққанына байланысты қызметінен алынған.

Ашрафжон Гулов – Тәжікстанның бұрынғы энергетика және өнеркәсіп министрінің ұлы және президенттің күйеу баласы. Ол осыған дейін салық комитетінде, Ұлттық банкте, Тәжікстанның Белгиядағы елшілігінде істеген. 2014 жылы Тәжікстанның Ресейдегі бас консулы қызметін атқарған.

Ашрафжон Гулов Рахмонның бесінші қызы Парвинаның күйеуі.

Эмомали Рахмонның жеті қызы және екі ұлы бар. Оның үлкен баласы Рустами Эмомали Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасының төрағасы және Душанбе қаласының әкімі. Үлкен қызы Озода Рахмонова Тәжікстан президентінің атқару аппаратын басқарады. Оның күйеуі Жамолиддин Нуралиев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары.

Рахмонның тағы бір күйеу баласы Шамсулло Сохибов көп профилді "Фароз" компаниясының иесі.

XS
SM
MD
LG