Ссылки доступа

Бішкекте Орхан Инандыны Қырғызстанда қайтарду талап етушілердің акциясы өтіп жатыр


Бішкекте парламент ғимараты алдында он шақты адам Орхан Инандыны Қырғызстанға қайтаруды талап етіп, акция өткізді.

Қырғызстан билігі әзірге бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Орхан Инандының Түркияда екеніне қатысты ешқандай мәлімет таратпады. Сыртқы істер министрлігі осы мәселеге қатысты Түркияның Қырғызстандағы елшісі Ахмет Садык Доганды шақыртқанын ғана хабарлады.

"Ата Мекен" партиясының лидері Омурбек Текебаевтың мәлімдеуінше, түрік арнайы қызметінің "Сапат" мектептері желісінің президенті, Қырғызстан азаматы Орхан Инандыны ұрлап әкетуі - елдің егемендігіне қол сұққанмен бірдей. Ол Қырғызстан билігін қалыптасқан жағдайға дұрыс баға беріп, әрекетке көшуге шақырды.

Бұның алдында Рейхан Инанды із-түссіз жоғалған күйеуін табуға көмектесуін сұрап, қырғыз президенті Садыр Жапаровқа үш мәрте үндеу жолдаған.

"Сапат" түрік білім мекемелерінің негізін қалаушы 53 жастағы Орхан Инанды 1995 жылдан бері Қырғызстанда тұрады. Ол 2012 жылы Қырғызстан азаматтығын алды.

1 маусымға қараған түні ол із-түссіз жоғалып кетті. Милиция кісі ұрлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Инандының жақтастары мен туыстары оны Түркияның арнайы қызметі ұрлап әкеткен болуы мүмкін деп отыр.

Ресми Анкара 2016 жылы Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынғандардың артында түрік оппозиционері Фетхуллах Гүлен мен оның "Хизмет" қозғалысы тұр деп есептейді. Түркия билігі бұл ұйымды ФЕТО деп атап, оны террористік ұйымға жатқызған.

XS
SM
MD
LG