Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 5 шілдеде елде 26 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталған, 17 адам емделіп шыққан.
"Елде барлығы 13 623 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді, олардың 13 382-і аурудан айықты", - делінген министрлік хабарламасында.
Тәжікстан билігі елде коронавирус барын былтыр сәуірде ғана мойындаған. Жыл басында билік коронавирусты жеңгенін хабарлаған.
Үкімет 21 маусымда ғана коронавирус жұқтырғандар қайтадан тіркеле бастағанын мәлімдеді.