Ссылки доступа

Өзбекстан премьер-министрі латын қарпіне көшуді тездетуін тапсырды


Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов министрліктер мен мекемелердің барлығына латын қарпіне негізделген өзбек әліпбиіне өтуді тездеуін тапсырды.

Бұның алдында, биыл 10 ақпанда үкімет латын қарпіне біртін өтуді көздейтін "жол картасын" бекіткен. Құжатқа сәйкес, елді мекендер мен көше атаулары, терминдер, ұйым аттары, жарнамалар, хабарламалар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы насихат 2022 жылдың желтоқсанына дейін латын қарпіне негізделген өзбек әліпбиіне көшуі керек.

Үкімет басшысы көздеген межеге биыл Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына дейін жетуді тапсырып отыр.

XS
SM
MD
LG