Ссылки доступа

Жүзден астам ауған жауынгері Тәжікстанның Куляб қаласындағы әуежайына жеткізілген


4 шілдеде тәлібтермен соғыстан кейін Тәжікстанға қашқан 120-дан астам ауған жауынгері Куляб қаласындағы әуежайға жеткізілді. Бұл туралы Ауғанстанның Хохон шекара отрядының командирі Мухаммад Хусейн Азаттықтың тәжік қызметіне хабарлады.

"Бізді Ауғанстанға жөнелту бойынша соңғы шешім әзірше қабылданбады. Кулябта қанша күн болатынымыз белгісіз", - деді ол.

Соңғы күндері Ауғанстанның Тәжікстанмен шектесетін бірнеше аймағын тәлібтер басып алып, 1500-ден астам ауған жауынгерінің тәжік тарапқа қашып өтуіне мәжбүр болған.

5 шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ауғанстандағы жағдайды Ресей, Қазақстан және Өзбекстан лидерлерімен талқылаған. Телефонмен әңгімеде Ресей президенті Владимир Путин тәжік-ауған шекарасындағы мәселені шешу үшін Душанбеге жәрдем беруге дайын екенін айтқан.

Эмомали Рахмон Ауғанстанмен шекараны нығайту үшін қосымша 20 мың жауынгерді жұмылдыруды тапсырған.

XS
SM
MD
LG