Ссылки доступа

Еуроодақ Минскіден оппозиция лидерін тез арада босатуды талап етті


"Белгазпромбанктің" бұрынғы басқарма төрағасы, Беларусь президенттігінен үміткен болған Виктор Бабарико
"Белгазпромбанктің" бұрынғы басқарма төрағасы, Беларусь президенттігінен үміткен болған Виктор Бабарико

Еуропа одағы 6 шілдеде Беларусь билігінен Виктор Бабариконы және "құқықтарын талап еткені үшін сотталған" басқа адамдарды тез арада босатуды талап етті.

Еуропалық одақтың сыртқы саясат мекемесінің өкілі Петер Станоның мәлімдемесінде 14 жылға сотталған Виктор Бабарико "өзінің саяси құқығын пайдаланып, президент сайлауына қатысуға әрекет еткені үшін ғана" қамалғаны атап өтілген.

"Бұл негізсіз және әділетсіз шығарылған басқа 125 саяси іс бойынша шығарылған үкімдердің бірі ғана. Мұның бәрі жабық есік жағдайында, заң талаптары сақталмастан өткен", - деген Стано.

Беларусь Жоғарғы соты президенттікке үміткер ретінде қатысып, бірақ тіркеуден өтпей қалған оппозиционер Виктор Бабариконы 6 шілдеде 14 жылға бас бостандығынан айырды.

"Белгазпромбанктың" бұрынғы басшысы "ірі көлемде пара алу және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру" баптары бойынша айыпты деп танылды. Бұдан бөлек оған 5 мың айлық есептік көрсеткіш негізінде айыппұл салып, 5 жылға дейін жетекшілік қызметтерде істеуге тыйым салынды.

Виктор Бабарико сот процесі кезінде өзіне тағылған айыптардың бәрінен бас тартып, саяси астары бер екенін мәлімдеді. Ол 2020 жылы өткен президент сайлауына қатыспақ болды. Бірақ сайлау комиссиясы оны тіркемеді.

Бабарико "Белгазпромбанкты" 20 жыл басқарып, сайлау қарсаңында қызметін тапсырған.

XS
SM
MD
LG