Ссылки доступа

Қырғызстанның сұрауымен Ресейде ұсталған тәжік азаматы қамаудан шықты


Фуркат Абдуфаттоев

Қырғыз билігінің сұрауымен Башқұртстанда ұсталған тәжік азаматы Фуркат Абдуфаттоев тергеу изоляторынан босап шықты.

Қырғыз билігі оны "шекарадағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деп айыптап, Ресей билігінен Қырғызстанға экстрадициялауын сұраған.

Тәжікстандағы Ворух жамоатының тұрғыны Абдуфаттоев тергеу изоляторынан ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылған. Оның ісін 2 тамызда сот қарайды. Тәжік азаматын Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі сол кезде шешіледі.

Абдуфаттоев биыл 1 ақпанда Ресейде ұсталды. Қырғызстанның құқық қорғау органдары оған "жаппай тәртіпсіздікке қатысты", "бұзақылық жасады" деп айыптады. Ал 2019 жылғы 27 тамызында Баткен облысының соты тәжік азаматын ұстауға рұқсат берді. Қырғыз билігінің мәліметінше, Абдуфаттоев жүк көлігімен қиыршақ тас әкеліп, оны Ақсай-Ворух жолына төккен, содан кейін жаппай тәртіпсіздік басталған.

Фуркат Абдуфаттоев тағынлаған айыптарды жоққа шығарып, шекарадағы жанжалдарға ешқашан қатыспағанын мәлімдеді.

Тәжікстан мен Қырғызстанның 976 шақырымдық шекарасының 504 шақырымының ғана мәртебесі анықталған.

XS
SM
MD
LG