Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджет қызметкерлеріне шетелге шығатын төлқұжат берілмейді


Түркіменнстанда мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге жаңа шектеу қойылды. Ауызша берілген тапсырма бойынша, бұдан былай оларға шетелге шығатын төлқұжат берілмейтін болады.

Азаттықтың Түркіменстандағы тілшілерінің хабарлауынша, қолында төлқұжаты бар азаматтарға жақын күндері қайта өткізу жөнінде билік тарапынан бұйрық түскен.

"Бюджет қызметкерлерінен жаппай шетелге шығатын төлқұжаттарын ұзартуға арыз бермеу жөнінде тілхат алып жатыр. Мұндай тыйым бізге ауызша айтылды", - дейді аты-жөнін жасырған бюджет мекемесінің қызметкері.

Сонымен бірге егер кімде шетелге шығатын төлқұжатыр болса, жұмысқа алынбайды деп ескерту жасалған.

Түркіменстанда биыл халық санағы жүргелі жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қазір елде 2,7-2,8 миллион азамат тұрады.

Осыған дейін Түркіменстанда 6 миллион адам тұрады деп айтылып келді.

Түркіменстан елден кеткен азаматтар туралы мәліметті ешқашан жариялаған емес. Бірақ соңғы 10 жылда Түркіменстаннан 2 миллионға жуық азамат кеткен.

XS
SM
MD
LG