Ссылки доступа

Centerra Gold Inc. "Қырғызалтынның" үстінен төрелік сотқа шағымданды


7 шілдеде Centerra Gold Inc. компаниясы Қырғызстан үкіметінің үстінен төрелік сотқа қосымша шағымдар өткізгенін мәлімдеді.

Канадалық компания сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, "Қырғызалтынның" үстінен төрелік сотқа шағымданған.

Компаниядағылар "Қырғызалтын" алтын кеніне бақылау орнату үшін Қырғызстан үкіметімен сыбайлас болған деп есептейді.

"Centerra Gold Inc. Қырғызстан үкіметі мен "Қырғызалтынды" жауапқа тарту арқылы шығынның барлығын өндіріп алуды көздейді" делінген мәлімдемеде.

16 мамырда Centerra Gold Inc. Қырғызстан үкіметінің үстінен төрелік сотқа шағымданды.

17 мамырда Қырғызстан парламенті "Құмтөр Голд Компания" қызметін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның есебін тыңдап, үкіметке кәсіпорынға сырттай қасқару енгізуге кеңес берген. Ертесіне сыртқы басқару басшысы болып Тенгиз Бөлтүрүк тағайындалды.

18 мамырда канадалық компания "Қырғызалтынға" Centerra Gold Inc акцияларымен операция жасауға тыйым салғанын хабарлады, ал 20 мамырда Тенгиз Бөлтүріктің үстінен сотқа арызданды. Кейін Centerra Gold Inc. қарамағындағы "Құмтөр Голд Компани" мен "Құмтөр Оперейтинг Компани" Нью-Йорктің Оңтүстік округындағы сотқа шағымданды

Құмтөр – Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Оның канадалық Centerra Gold Inc өндіреді. Қырғызстан акциялардың 26 пайызына ие. Кәсіпорын Қырғызстанның жалпы ішкі өнімінің он пайызын береді.

XS
SM
MD
LG