Ссылки доступа

Камчаткада апатқа ұшыраған Ан-26 жолаушы ұшағының "қара жәшігі" табылды


На месте авиакатастрофы Ан-26 на Камчатке, 7 июля 2021 года
На месте авиакатастрофы Ан-26 на Камчатке, 7 июля 2021 года

Камчаткада құтқарушылар Палана қыстағының маңындағы тау жоталарында апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының "қара жәшіктерінің" бірін тапты. Ұшақ 6 шілдеде құлады. Бортындағы 28 адамның бәрі қаза тапты.

"Интерфакс" агенттігінің Палана әкімшілігіндегі дереккөзінің хабарлауынша, "қара жәшік" қатты бүлінбеген.

Ан-26 ұшағы Петропавловск-Камчатск қаласынан Палана қыстағына ұшқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушы ұшағы қонатын орынды дұрыс көрмей, жартасқа соғылған болуы мүмкін.

Ұшақ апатына техникалық ақау, экипаж қателігі де себеп болуы мүмкін. Камчатка әуе кәсіпорынының басшылығы Aн-26 ұшағы рейске шығар алдында тексерілгенін, экипажды тәжірибелі ұшқыштар басқарғанын хабарлады. Олар Петропавловск-Камчатск қаласынан Паланаға бірнеше мәрте рейс жасаған.

XS
SM
MD
LG