Ссылки доступа

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі шетел азаматтарының қырғыз төлқұжатын қалай алғанын тексереді


Орхан Инандыға Қырғызстан азаматының төлқұжатын беру заңдылығын тексеру аясында басқа да шетел азаматтарының қырғыз құжатын қалай алғаны тексеріледі.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, шетелдіктердің қырғыз азаматтығын қаншалықты заңды түрде алғаны тексеріледі. Әсіресе қос төлқұжаты барлар әшкереленеді.

"ІІМ шетел азаматтарына, бұрын істі болғандарға, іздеуде жүргендерге, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қырғыз азаматын заң беру қылмыстарын талай мәрте әшкереледі. ІІМ паспорт жүйесінде тәртіп орнатқысы келеді", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

8 шілдеде Бішкектің ішкі істер департаменті із-түссіз жоғалған Орхан Инанды 2012 жылы Қырғызстан азаматының ID-паспорты мен жалпыазаматтық паспорт алған уақытта оның Түркия азаматының паспорты болғанын хабарлады. Осы жағдайға қатысты тексеру жұмыстары 2019 жылы басталған делінді.

Халықаралық "Сапат" білім беру мекемелерінің президенті Орхан Инанды 1 маусымда түнде Бішкекте із-түссіз жоғалып кетті. 5 шілдеде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған түрік арнайы қызметі Орхан Инандыны елге жеткізгенін мәлімдеді. Түрік президенті Инандыны "ФЕТО-ның Орталық Азиядағы басқарушысы" деп атаған.

Орхан Инанды - Түркияда туған, ол Қырғызстанға 1995 жылы келіп, 2012 жылы Қырғызстан азаматтығын алған. Қырғызстандағы "Сапат" білім беру мекемелерінде 10 мыңнан астам оқушы мен студент оқиды.

XS
SM
MD
LG