39 жастағы Сердар Бердымухамедов вице-премьер қызметіне тағайындала отырып, осыған дейін атқарған Жоғары бақылау палатасының төрағасы қызметінен алынып, Қауіпсіздік кеңесі құрамынан шығарылды.
Түркіменстан президенті ұлының саяси мансабы 2016 жылдың аяғында басталды. Сол жылы ол парламент мүшесі болып сайланған.
Түркіменстандағы ресми басылымдарда оны "халық ұлы" деп атайды.
9 шілдеде болған үкімет отырысы кезінде президент еліндегі ең беделді адамдардың бірі Шамухаммед Дурдылыевті премьер-министрдің орынбасары қызметінен алып, "Ашғабад-сити" құрылыс жобасының жетекшісі етіп тағайындады. Сонымен бірге Орталық банктің төрағасы Мердан Аннадурдыев те қызметінен алынды.