Ссылки доступа

Өзбекстанда оппозициялық партия атынан президент сайлауына үміткер болған әнші саясаттан кететінін мәлімдеді


Жахонгир Атажанов.

Өзбекстанда өтетін президент сайлауына "Эрк" партиясы атынан үміткер ретінде ұсынылған әнші Жахонгир Атажанов уақытша саясаттан кетіп, өнер жолына қайта оралатынын мәлімдеді.

10 шілдеде Instagram парақшасы арқылы ата-анасын ойлағаннан кейін осындай шешімге келгенін мәлімдеді.

"Мен он бес күн болды, ешқандай саяси мәлімдеме жасамадым. Себебі, әрбір эфир менің анамның өмірін қысқартады. Олардың көз жасы маған қымбат. Мұндай жолмен келген президент қызметі керек емес. Сол себептен маған үміт артқан командама рақмет айтып, саясаттан кетемін деп шештім", – деді ол.

Ол биыл анасының құрметіне концерт өткізетінін де жеткізді.

Былтыр желтоқсан айында әнші Жахонгир Атажанов өнер сахнасынан кетіп, саяси сахнаға шығатынын мәлімдеген.

Биыл мамыр айында Өзбекстандағы жалғыз оппозициялық "Эрк" партиясы оны президенттікке үміткер ретінде ұсынған. Үйінде құрылтай жиналысын өткізіп жатқан кезде, белгісіз бір топ адамдарға шабуыл жасаған.

"Эрк" партиясының негізін қалаушы ақын Мұхаммед Салих. Ол 1991 жылы өткен президент сайлауында Ислам Каримовтің басты қарсыласы болған.

Сәуір айында 1991 жылы әділет министрлігінде ресми тіркеліп, 30 жыл бойы қудалаудың астында қызметін жалғастырып келе жатқан Өзбекстандағы жалғыз оппозициялық "Эрк" демократиялық партиясы президент сайлауына кандидат ұсынуға шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG