Ссылки доступа

Өзбекстанда белсенділер 49 жасқа толған Гүлнара Каримованың шетелдегі активтерінің қайтарылуын талап етеді


Бір топ өзбек белсендісі Швейцария үкіметінен Гүлнара Каримованың заңсыз жинаған активін Өзбекстанға қайтаруды талап етті.

Бұл үндеуге әлемнің әр елінде тұратын 9 белсенді қол қойған деп хабарлайды Uzbekforum.org.

Үндеу авторлары 2020 жылдың 11 қыркүйегінде екі ел үкіметі арасында қол қойылған Өзара түсіністік жөніндегі меморандум тағдырына алаңдайды.

Белсенділер екі тарап та қол қойылған құжаттағы шарттардың орындалуына асықпай жатыр дейді. Құжатқа қол қойылғаннан бері тоғыз ай өткен, бірақ Каримованың активтері әлі толық қайтарылған жоқ деп отыр.

Былтыр 11 қыркүйекте Швейцария үкіметі Өзбекстанға келісімге келгенін, оған сәйкес Ташкентке Гүлнара Каримованың есеп шотында 2012 жылдан бері жатқан 131 миллион долларды қайтаратынын мәлімдеген.

Бұдан бөлек тергеу ісіне байланысты 715 миллион доллары әлі бұғатта екенін хабарлаған.

Ал бұл тұста Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара 49 жасқа толғанын Ташкент түбіндегі түрмеде атап өтті. Ол мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айыппен 13 жылға бас бостандығынан айырылған.

От принцессы до заключенной: жизненный путь Гульнары Каримовой
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:53 0:00

XS
SM
MD
LG