Ссылки доступа

Алматы облысында ауыз су мәселесінің шешілмегеніне наразы тұрғындар жолды жапты


Дүйсенбіге қараған түні Алматы облысы Бесағаш ауылындағы "Алматау" және "Нұрия" кешенінің тұрғындары ауыз судың жоқтығына байланысты наразылық білдіріп, жолды жапты. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан наразылықтың салдарынан Талғар трассасында көлік кептелесінің пайда болғанын көруге болады. Наразылар жергілікті билік өкілдеріне "екі жылдан бері мәселелерінің шешілмей жатқанын, тіпті дәретхананың өзін пайдалану мүмкін еместігін" айтып, шағымданған.

Orda.kz сайтының жазуынша, оқиға орнына Талғар ауданының әкімі мен орынбасары келген. Кейін тұрғындарға су таситын көлік жіберілген.

Әкімдік өкілдері су құбыры жарылғандықтан тұрғын үй кешендерінде ауыз су жоқ екенін айтып түсіндірген.

Алматы маңындағы кейбір елді мекендерде әлі күнге дейін ауыз су мәселесі шешілмей келеді. Бұған дейін Азаттық Алматының іргесіндегі екі мыңнан астам адам тұратын Көктал ауылындағы ауыз су мәселесін де жазған.

XS
SM
MD
LG