Ссылки доступа

Өзбек милициясы: департамент алдында қарнын алмаспен тілген жігіт мас болған


11 маусымда Сұрхандария облысының ішкі істер департаменті құқық қорғау органы қызметкерлерінің әрекетіне наразы болған жігіттің өз-өзіне қол жұмсау оқиғасына қатысты мәлімдеме таратты.

Облыстық департамент мәліметі бойынша, әлеуметтік желілерде жарияланған видеодағы оқиға биыл 26 сәуірде болған. Видеода қарнын алмаспен тілген жігіт - 40 жастағы М.А.. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін Өзбекстанда бес мәрте, сонымен бірге бұзақылық әрекеті үшін Ресейде бір мәрте сотталған.

Сұрхандария милициясының хабарлауынша, оқиға кезінде М.А. мас болған. Алмаспен қарнын тілген азаматқа медициналық көмек көрсетілген. Оқиға туралы Музрабат аудандық прокуратурасына хабарланған.

"М.А. оқиғадан соң есін жиып, жасаған ісіне өкінетінін, сырадан мас болғанын айтқан", - деп хабарлады департамент.

Мәліметтерге қарағанда, биыл 5 мамырда учаскелік инспектор осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG