Ссылки доступа

Өзбек жүргізушілері жарты жылда 15 млн долларға "әдемі" нөмір сатып алған


Өзбекстанда алты айда avtoraqam.uzex.uz сайтындағы интернет-аукционда 70 мыңнан астам "әдемі" автокөлік нөмірі сатылған.

Өзбек республикалық сауда-шикізат биржасының мәліметі бойынша, мұндай нөмірлерді сатудан 139,1 миллиард сум ($13 млн.) түскен.

Автокөліктің ер арзан нөмірі 450,5 мың сумға ($42), ең қымбаты 441,5 миллион сумға ($41,6 мың) сатылған.

Автокөлік нөмірінің орташа бағасы 2 млн сум ($190) болды.

Жарты жылда "әдемі" нөмірлерге сұраныс үш есе артқан, деп хабарлады биржа.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылы Өзбекстанда интернет-аукциондарда 262,6 млрд сумның ($24,7 млн.) автокөлік нөмірі сатылған.

XS
SM
MD
LG