Ссылки доступа

Алпыс доллардың жалған COVID-куәлігі: Қазақстанда екпе құжатының саудасы қызып тұр (видео)


Как в Казахстане получают поддельные сертификаты о прививке
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:34 0:00

Как в Казахстане получают поддельные сертификаты о прививке

Жалған екпе төлқұжаты – оңай жолмен табыс табудың жаңа көзіне айналды. Жалған құжат алудың екі жолы мәлім: емханадағы дәрігерлер куәлік жазып беріп, вакцина дозасын төгіп тастайды, не болмаса құжатты қолдан жасап алады.

Дәрігерлердің жалған куәлік жазып бергені Алматыда бірнеше ай бұрын мәлім болған. Емханалардың бірнешеуінде дәрігерлер тұрғындарға вакцина салғызбай, құжатты сатып ала салуды ұсынған. Олар вакцина дозасын жойып отырған. Мұндай әрекетке барған медицина қызметкерлері ұсталды. Олар екі жылға сотталуы мүмкін.

Жемқорлықпен күрес қызметінің мәліметі бойынша, мұндай кәсіп елдің барлық дерлік өңіріне жайылған.

"Күні кеше үш аймақа жалған құжат сатқан дәрігерлер ұсталды. Олар куәліктерді екпе салдырмаған адамдарға жазып беріп, вакцинаны жойып отырған. Бюджеттен халық денсаулығына бөлінген ақша осылай желге ұшып жатыр", - жемқорлықпен күрес қызметінің басшысы Марат Ахметжанов.

Медицина қызметкерлері ғана емес, осындай кәсіпке туристік компаниялар да осындай жолға түскен. Алматыдағы компаниялардың бірі шамамен 150 ковид-төлқұжат сатқан: олар Сауд Арабиясына қажылыққа баратындарға сатылған. Жалған құжат дайындайтындар енді төрт жылға сотталуы мүмкін, оны сатып алғандар да жазаланады. Ішкі істер министрлігі вакцина салдырмай жалған куәлік алғандарды қырық күнге қамауға уәде берді.

В России начали бороться с поддельными сертификатами о COVID-прививке. Вот как это происходит
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:45 0:00

Екі ай бұрын Қазақстанда жалған екпе құжаты сатылатыны туралы жарнамалар көбейіп кетті, енді алаяқтар абайлап жұмыс істеуге көшкен. Олар мұндай жарнаманы телеграмға салады, болмаса жалған құжатты танысы арқылы өткізеді. Ковид-төлқұжат 60 доллар тұрады.

"Настоящее Время" телеарнасының тілшісі жалған екпе құжатын сатушылардың бірімен хабарласты. Ер кісі құжатты тез жасап бере алатынын айтты, бірақ күте тұруымызды сұрады. "Біз демалысқа кетіп бара жатырмыз. Қашан келетініміз белгісіз", - деді ол.

Жалған екпе құжатымен қалай күресу керектігін шенеуніктер әзірге білмей отыр: электронды куәліктің қорғау механизмі жоқ. Бірақ денсаулық сақтау министрлігіндегілер құжаттың әрбіріне ерекше QR-код берілуі мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG