Ссылки доступа

Қырғызстанда 20 мыңға жуық адам қауіпті аймақта тұрады


Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамырканов Қырғызстанда 4 554 аймақта жер көшкіні жүру қауіпі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы 12 шілдеде Жоғарғы Кеңештің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитет отырысында айтты.

"1186 елді мекен мен нысандарға жер көшкінінен қауіп бар. Олардың 93% Ош және Жалал-Абад облыстарында. Бүгінгі күні 543 елді мекен және 321 түрлі нысан жер көшкіні болуы мүмкін аймақта орналасқан. Онда 20 мың адам тұрады".

Қырғызстан 48 аймақты қауіпсіз жағдайға келтіру үшін Азия даму банкінен 35 миллион доллар алып жатыр. Оның ішінен 23,5 миллион доллары грант, 11,5 миллион доллары несие. Ал мемлекет бюджетінен төрт миллион доллар бөлінеді.

XS
SM
MD
LG