Ссылки доступа

Мәскеуде тәжік және қырғыз мигранттарының төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды


Қырғызстан ішкі істер министрлігінің Ресейдегі өкілі Нұрлан Жанбаев Мәскеуде қырғыз және тәжік мигранттарының төбелесі туралы мәлімет берді.

Оның айтуынша, Мәскеу полициясы жаппай төбелестің алдын алған.

"Түнде Ресей полициясымен бірге жаппай төбелесті болдырмау шаралары жүргізілді. Полиция Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтарын бөлімшеге жеткізді. Төбелес жұма күні бильярд ойыны кезінде болған. Қазір милиция оқиғаны тексеріп жатыр", - деді Жанбаев.

Министрлік өкілінің хабарлауынша, төбелес кезінде Қырғызстанның бір азаматы пышақталған, оның жарақаты ауыр емес.

Жанбаев мәліметіне қарағанда, "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция 103 адамды ұстады, олардың жетпістен астамы Қырғызстан азаматы. Тәжікстанның үш азаматы полицияға арызданған.

Ресейдің ақпарат құралдарының хабарлауынша, 11 шілдедегі жаппай төбелес кезінде Қырғызстанның екі азаматы пышақталған, полиция еңбек мигранттарын таратып, жүзге жуық адамды ұстаған.

Әлеуметтік желілерде төбелес кезінде түсірілген видеолар мен жараланған қырғызстандықтардың суреттері тарады.

XS
SM
MD
LG