Түркияның мемлекеттік "Анадолу" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осындай шешім 12 шілдеде хабарланды. Күдіктіге ФЕТО қозғалысының мүшелеріне Қырғызстан паспортын алып беріп, Орталық Азиядағы ұйымдардың ақшасын басқарды деген айып тағылған. Түрік билігі оппозициялық саясаткер Фетхуллах Гүленнің қозғалысын ФЕТО деп атап, оны террористік ұйымға жатқызған.
Мәліметтерге қарағанда, Орхан Инанды Анкарадағы тергеу барысында кінәсін мойындаған. Оның адвокаты әрі күйеу баласы Халил Ибрахим Йылмаздың "Азаттыкқа" хабарлауынша, "Сапат" басшысын Анкарада терроризммен күрес бөлімінде ұстап отыр. Адвокат қорғауындағы азаматпен кездесе алмаған.
Орхан Инанды 1 маусымға қараған түні жоғалып кеткен. Оның жақтастары бірнеше рет акция өткізіп, биліктен табуын талап етіп келді.
Инанды 2012 жылы Қырғызстан азаматын алған. Ол сонымен бірге Түркия азаматтығынан да бас тартқан емес. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның қалай азаматтық алғанын зерттеп жатқанын хабарлады.
5 шілдеде түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Инанды Түркияға жеткізілгенін жариялаған.
Осыған байланысты Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Түркия елшісіне нота тапсырған.