Ссылки доступа

Тәжікстанда электр қуатының өндірісі кеміді, бірақ экспорт артты


Тәжікстанда биыл электр қуатының өнідірісі кеміген, бірақ экспорт артқан.

Ресми мәлімет бойынша, биылғы алты айда Тәжікстан шетелге 917 миллион киловатт-сағат электр қуатын шығарған. Бұл - былтырғы көрсеткіштен 4,7 миллион киловатт-сағатқа артық.

Биыл көктемде Тәжікстанның кейбір аймақтарында электр қуатына шектеу енгізілген. Қазірдің өзінде қалалар мен аудандардың кейбірі жарық сөніп қалатынына шағымданып жүр.

Ресми мәлімет бойынша, биылғы алты айда Тәжікстанда 10 млрд 73,1 млн киловатт-сағат электр қуаты өндірілген, былтырғыға қарағанда 170 млн киловатт-сағатқа кем.

Душанбеде 12 шілдеде өткен брифингте журналистер энергетика министрі Далер Жұмадан аймақтар жарықсыз отырғанда электр қуатының экспорты қалай артқанын сұрады. Министр "электр қуаты қыста шектелетінін, экспорт биыл 1 мамырда басталғанын" айтқан.

Министрдің айтуынша, экспорт көрсеткіші мамыр-маусым айларында артқан. Тәжікстан электр қуатын көрші Өзбекстан мен Ауғанстанға жеткізген.

XS
SM
MD
LG