Ссылки доступа

Грузия халқы шабуылдан қаза тапқан операторды жер қойнына тапсырды


13 шілдеде оппозициялық "Пирвели" телеканалының операторы Лексо Лашкараваның сүйегі жер қойнына берілді. Ол 5 шілдеде ЛГБТ маршына қарсылардың шабуылынан кейін қаза тапты.

Лашкараваны соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне жүздеген журналист, оппозициялық партия өкілдері және өнер қайраткерлері қатысты. Билік өкілдерінен ешкім қатыспады.

Бір күн бұрын Грузияның ішкі істер министрлігі телеоператор есірткі көп қолданғаннан кейін көз жұмды деп мәлімдеген. Бірақ Лашкараваның туыстары мен әріптестері мұны теріске шығарады.

Грузияда Лашкараваның өліміне байланысты екі күннен бері журналистердің және оппозициялық партия өкілдерінің қатысуымен наразылық акциялары өтіп жатыр. Олар оператордың өліміне билікті кінәлап, 5 шілдедегі оқиғаларға жол бергені үшін премьер-министр Ираклий Гарибашвилидің отставкасын талап етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG