Ссылки доступа

Намангандағы селден сегіз адам қаза тапты


Наманган облысы Касансай ауданындағы селден сегіз адам қаза тауып, алтауы жарақат алды. Бұл туралы Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, селге Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы нөсер жауын себеп болған.

13 шілдеде түсте Наманган облысындағы Касансай дариясы арнасынан асып, үйлерді су алған.

Жергілікті билік жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері іздеу-құтқару істерін жалғастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG