Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі MegaCom мен банктердегі акцияларын сатады


Қырғызстанның үкіметі MegaCom брендімен белгілі "Альфа Телеком" компаниясын (100%), сонымен бірге "Кепілдік қорындағы" (14,9%), "Керемет Банктегі" (0,74%) және "Еуразиялық жинақ банкіндегі" (76,56%) акцияларын сатады.

Мемлекет инвестициялары қаржы басқармасының өкілі Замир Бұғұбаевтың айтуынша, былтырғы 25 маусымда Жогорку Кенеш 2020-2022 жылдары 25 мемлекеттік нысанды сату туралы бағдарлама қабылдаған. Осы тізімге тағы төрт нысан қосылады.

"Мемлекет мүлкін жекемешелендіру Жогору Кенеш қабылдаған бағдарлама негізінде жүзеге асады", - деді Бұғұбаев.

Жогорку Кенеш депутаты Дастан Бекешев Facebook'тегі парағында арнайы қызмет MegaCom берндін сатуға қарсы деп жазды.

Биыл 5 мамырда президент Садыр Жапаров мемлекеттік кәсіпорындардың бірқатары жекешелендірілетінін, ал Мемлекет мүлкі қоры жойылатынын мәлімдеген.

Қырғызстан үкіметі MegaCom компаниясын бұған дейін бірнеше мәрте сатқысы келген. 2010 жылғы революциядан соң Уақытша үкімет компанияның 49% акциясын сатып алды. 2014 жылы компания толықтай мемлекет меншігіне өтті.

XS
SM
MD
LG