Ссылки доступа

Мәскеуде сот жаппай төбелеске қатысқан алты мигрантты қамады


Иллюстративное фото

Мәскеудегі сот 12 шілдеде "Кузьминка" метросы маңындағы жаппай төбелеске қатысқан алты адамға 15 күндік әдімшілік жаза тағайындады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Орталық Азияның жүздеген еңбек мигранты қатысқан жаппай төбелестен соң полиция жүзден астам адамды ұстаған. Пышақталған бірнеше адам ауруханаға түскен.

Рұқсат етілмеген митингіге қатысты деген айыппен қоса оларға Ресейде жүріп-тұру ережесін бұзу және бұзақылық қылмыстары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Төбелеске қатысқан бірнеше адам Ресейден депортациялануы мүмкін. Оларға ел аумағына кіруге тыйым салынады.

XS
SM
MD
LG