Ссылки доступа

Душанбе: Қырғызстан Тәжікстанға шыққан жүк көліктерін әлі жібермей тұр


Архивное фото

Тәжікстаның көлік министрі Азим Иброхимнің айтуынша, тәжіктің 60 жүк көлігі Қырғызстан шекарасынан әлі өте алмай тұр. Биыл сәуірде шекарадағы жанжалдан соң Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын жапқан.

Министрдің мәлімдеуінше, қырғыз президентінің Душанбеге сапары кезінде Қырығызстанда тұрып қалған жүк көліктерінің мәселесі қырғыздың көліr министрімен талқыланғанын.

"Қырғыз әріптесім мәселені шешуге уәде берген. Алайда әзірге ешқандай нәтиже жоқ", - деді министр.

Азим Иброхимнің пікірінше, бұдан Қырғызстан экономикасы зардап көбірек зардап шегеді, өйткені Тәжікстанға өте алмай тұрған алпыс жүк көлігінің үшеуі ғана тәжік азаматтарына тиесілі, қалғаны - қырғыздар.

Биыл сәуірдің аяғында қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжалдан соң жүк көліктерінің шекарадан өтуі қиындаған. Тәжік көлік компанияларның мәліметі бойынша, ондаған тәжік жүк көлігі Қырғызстанның Баткен және Ош облыстарында тұрып қалған.

28-29 сәуірдегі қарулы жанжалдан ондаған адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG