Ссылки доступа

Өзбекстан мұсылмандарының басқармасы: вакцина - Жаратқанның шарапаты


Мұсылмандар вакцинаны Жаратқанның адам өмірін сақтайтын шарапаты деп қабылдауы керек. Өзбекстан мұсылмандары басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Хомиджон Ишматбеков 13 шілдедегі баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, басқармаға "вакцина кейбір рұқсат етілмейтін заттардан дайындалған" делінетін бірнеше шағым түскен. Ишматбековтің пікірінше, солай болған күннің өзінде, "бір заттың құрамы өзгерген соң оның күйі де өзгереді" деген қағиданы ұмытпаған жөн.

"Оны дәрі деп алсақ, дәрі дайындайтын заттардың күйі өзгеріске ұшырады, сол себепті бұған назар аударудың қажеті жоқ. Маман оны дәрі деп шешсе, онда ол халалға айналады", - деді Ишматбеков.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, республикада 938 529 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.

XS
SM
MD
LG