Ссылки доступа

АҚШ-та төрт ирандық журналисті ұрлауға дайындалды деп айыпталды


Масих Алинеджад
Масих Алинеджад

Сейсенбі күні Нью-Йорктегі федералдық прокуратура Иранның барлауға қатысы бар төрт азаматын журналисті ұрлауға дайындалды деп айыптады.

Сот айыптауына сәйкес, иран барлауының қызметкері Алиреза Шавароги Фарахани журналисті ұрлау операциясын ұйымдастырған. Оған тағы үш адам қатысуы керек болған. Олардың бәрі қазір Иранда жүр. Құрама Штаттарда тұратын журналист Washington Post газеті мен басқа да басылымдарда Иранды сынайтын материалдар жариялаған. Іс материалдарында журналист есімі аталмады.

NBC телеарнасының өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, ол - "Америка дауысының" парсы қызметінде істейтін Масих Алинеджад. Журналист қыз NBC телеарнасына берген сұқбатында осы ақпаратты растады. 2020 жылы Washington Post газетінде жарияланған мақаласында ол иран барлауы өзін ұрлап әкетуге дайындалып жатқанын естіген жазды. "Аузымды жабу үшін иран режимі қорқыту-үркітудің түрлі әрекеттеріне барды", - деді журналист.

Прокуратура құжаты бойынша, айыпталушылар алты жылдан бері Нью-Йоркте тұратын журналисті аңдитын адам жалдаған. Олар журналисті Венесуэлаға жіберудің амалын қарастырған. Венесуэла Иран билігімен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Тағылған айыптар дәлелденсе, олар өмірлік түрже жазасын алуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG