Ссылки доступа

Тәжік журналисі Далер Шарифов: заңды жәрдемақыны алу үшін шығындалуға тура келді


Далер Шарифов освободился из колонии в январе этого года
Далер Шарифов освободился из колонии в январе этого года

Журналист Далер Шарифов бұрын сотталғандарға төленетін 800 сомони көлеміндегі әлеуметтік көмек алу үшін 475 сомони жұмсағанын айтты.

"Діни араздық туғызды" деген айыппен бір жылға сотталған Далер Шарифов биыл қаңтарда бостандыққа шықты. Колонияда оған әлеуметтік жәрдемақы ала алатынын айтқан.

"Түрмедегі мерзімнің аяқталуына бір ай қалғанда маған бір қағазға қол қоюымды сұрады. Онда бостандыққа шыққан соң берілетін жеңілдіктер туралы айтылған. Колониядағылар маған бостандыққа шыққан соң үш ай бойы ай сайын 400 сомони көлемінде әлеуметтік жәрдемақы қарастырылғанын түсіндірді. Үш айда 1200 сомони (шамамен 100 доллар) шығады", -деді Шарифов.

Журналистің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақы бар екенін көп адам біле бермейді. Биыл наурызда ол қажетті құжаттарды өткізген. Бірақ әлеуметтік жәрдеамақы алу үшін оған жергілікті билікке он шақты рет жүгінуге тура келген. Нәтиже шықпаған соң журналист еңбек министріне шағымданған.

Далер Шарифов 800 сомони алу үшін шамамен 475 сомони жұмсауға тура келгенін, қалтасында 325 сомони ғана қалғанын айтты.

"Колонияда 100-200 сомони үшін сотталғандарды да көрдім. Олардың осынша ақшасы болса, қылмыс жасамас еді. Мемлекеттік органдар азаматтарды пікір жазғаны үшін жазалайды, бірақ бұрын сотталғанға немесе сарбазға тиесілі жәрдемақының төленбеуін елегісі келмейді", – дейді Шарифов.

XS
SM
MD
LG