Тәжікстан шекара қызметі сәрсенбіде Бадахшан провинциясының Андемин қыстағында тұратын 91 ер, 77 әйел және 177 жасы кәмелетке толмаған бала (64 ұл, 113 қыз) Мургаб ауданына қарасты Кызыл-Работ ауылына келгенін хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, ауғанстандық қырғыздарды тәжік шекарашылары гуманизм ұстанымымен Тәжікстанға кіргізген.
Ауғанстандық қырғыздар мал-жандарын алып келген. Олармен бірге 1000 қой, 300 сиыр, отыз жылқы және үш түйе кірген.
Қырғызстанның Кабулдағы елшілігінің мәліметі бойынша Ауғанстанның Үлкен Памир және Кіші Памир аймақтарында қырғыздар саны 2 мың төңірегінде. Бұдан бөлек Ауғанстанның Мазари-Шариф, Кабул, Бадахшан, Құндыз, Гилменд қалаларында да қырғыздар бар.
"Тәлибан" қозғалысы АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері мамыр айынан бастап Ауғанстаннан шыға бастағаннан бері шабуылды күшейтіп келеді.