Ссылки доступа

Ресей тәжік-ауған шекарасына жаңа бекет салуға қатысады


Тәжік-ауған шекарасына заманауи бекет салуға Ресей көмектеседі деп хабарлады Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мамыр айында Душанбеге барған сапары кезінде Ресей мен Тәжікстан жақын күндері тәжік-ауған шекарасынан жаңа бекет салу жөнінде келісімге келеді деп мәлімдеген. Қаржылай көмекті Мәскеу беретінін айтқан.

Әзірге шекараның қай бөлігіне жаңа бекет салынатыны айтылмаған.

8 шілдеде "Тәлибан" қозғалысының өкілдері Мәскеуде өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Ауғанстанның 85% аумағын бақылауға алдық деп мәлімдеген. Бұл делегация ауған-тәжік шекарасына шабуыл жасамаймыз деп уәде берген.

Тәжікстан билігі болса шекарасын қорғау үшін Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымынан көмек сұраған.

XS
SM
MD
LG