Ташкент облысы Зәңгіата ауданындағы арнайы ауруханадағылардың хабарлауынша, емдеу мекемесі өкпесінің 30 пайыздан астамы зақымданған науқастарды ғана қабылдайды. Бұған қоса, мұндай науқастарды арнайы ауруханаға "жедел жәрдем" көліктері жеткізуі тиіс.
Хабарларға қарағанда, Вирусология ғылыми-зерттеу институтының "Өзэкспоорталықтағы" клиникасы коронавирус жұқтырған науқастарға толды.
Ташкент қаласының 60 жастағы зейнеткері Гүлнора Файзиеваның өкпесінің он пайызы зақымданған. Ол үйде емделіп жатыр.
Науқастың айтуынша, өткен аптаның сейсенбісінде оның ыстығы өтерілген, сенбі күні "жедел жәрдем" шақыртқан.
– Зәңгіатада орын жоқ деп айтты. Соған байланысты мені пульманология ауруханасына жеткізді. Онда да орын жоқ екен. Сосын мені "Өзэкспоорталықта" ашылған ковид-орталыққа алып барды. Сол жерде сатурацияны өлшеп, 99 болғанын айтты. Ыстығым көтерілген, өкпенің он пайызы зақымданған. Бірақ мені ол жерге де жатқызбады. Кешкі тоғыздар шамасында "жедел жәрдем" көлігі мені жолда қалдырып кетті. Үйге таксилетіп әрең жеттім. Дүйсенбіде коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест тапсырдым. Вирус жұқтырғаным анықталды, – дейді астаналық зейнеткер.
Гүлнора Файзиева медбике болып істейтін қызын үйге шақыртқан. Кейін оның қызы мен немерелері де коронавируспен ауырып қалған.
– Қызым мен оның екі баласы коронавирус жұқтырған. Олардың да ыстығы көтерілген. Қазір бәріміз үйде жатырмыз, - дейді науқас.
Зәңгіатадағы №2 арнайы ауруханадағылардың хабарлауынша, емдеу мекемесінде орын жоқ.
– Қазір біз "жедел жәрдем" көліктері жеткізген науқастарды ғана қабылдап жатармыз. Науқастардың өкпесінің отыз пайыздан астамы зақымданғаны туралы дәрігер қорытындысы болуы керек. Ондай қағазы жоқтар басқа орталықтарға жіберіледі, – дейді ковид ауруханананың дәрігері.
Бұның алдында 2 мың науқасты емдеуге арналған ауруханада 2550 науқас жатқаны хабарланған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде коронавирус жұқтырғандар 117 мыңнан асты. Өзбекстанда 5 шілдеден бастап пневмония статистикасын жариялай бастады.
Министрлік мәліметіне қарағанда, шілде айында күн сайын елде 450-500 адамның коронавирус жұқтырғаны, 200-300 адамның пневмонияға шалдыққаны анықталады.