Ссылки доступа

Мәскеуде жаппай төбелеске қатысқан 42 мигрант ұсталды


Мәскеудегі Кузьминск соты метро станциясы маңындағы жаппай төбелеске қатысқан 30-дан астам мигрантқа әкімшілік жаза белгіледі.

Сейсенбі мен сәрменбі күндері 42 мигрант сот шешімімен 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы "Интерфакс" соттың баспасөз хатшысы Карина Каленоваға сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, сот отырысында ұсталғандарды елден шығару мәселесі қаралмаған.

Сот осы аптада жаппай төбелеске қатысқан басқа да мигранттардың ісін қарайды. Полиция төбелес кезінде 103 адамды ұстаған.

Мигранттар арасындағы төбелес 12 шілдеде Мәскеудегі "Кузьминка" метро станциясы маңында болды. Оған жүздеген адам қатысқан.

"Московский комсомолец" басылымының жазуынша, жаппай төбелес қыз үшін болған. Басылым мәліметіне қарағанда, 11 шілдеде Қырғызстанның үш азаматы қырғыз қыздардың Тәжікстан азаматтарымен отырғанын көріп, оларға ескерту жасаған. Қыздардың қасында отырған жігіттер оларға пышақ ала жүгірген. Пышақталған қырғыз азаматтары ауруханаға түскен, деп жазды МК.

Болған оқиға Мәскеудегі мигранттар арасында тез тарап, ертесіне Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан және Дағыстан азаматтары жаппай төбелеске қатысқан.

XS
SM
MD
LG