Ссылки доступа

Өзбекстан "Спутник V" вакцинасының тағы 90 мың дозасын алды


15 шілдеге қараған түні Өзбекстанға Ресейден "Спутник V" вакцинасының тағы 90 мың дозасы жеткізілді. Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өзбекстан биыл сәуірде Ресейден вакцинаның 100 000 дозасын, маусымда 140000 дозасын, 5 шілдеде 40 000 дозасын алдырған.

Өзбекстанда "Спутник V" вакцинасының барлығы 370 000 дозасы бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде вакцина қоры 7 миллион 530 мың дозаға жетті. 660 000 доза - AstraZeneca вакцинасы, 6,5 миллион доза - ZF-UZ-VAC2001 өзбек-қытай вакцинасы.

XS
SM
MD
LG