Ссылки доступа

Өзбекстан мұсылман туризміндегі беделін арттырды


Өзбекстан биыл "Мұсылман туризмінің ғаламдық индексі" деп аталған халықаралық рейтингіде 16-орынға шықты. Бұл пандемияға дейін өлкенің рейтингіде иеленген орыннан алты баспалдаққа жоғары.

Өзбек үкіметіне қарасты дін істері бойынша комитет мәліметіне қарағанда, Өзбекстанның халықаралық рейтингіде жоғарылауына өлкенің ислам мұрасын жаңғыртуына және оны халықаралық деңгейге танытуға бағытталған бірқатар жобалары себеп болған.

Өзбекстан 2019 жылы Мұсылман саяхатының ғаламдық индексінде (Global Muslim Travel Index - GMTI) 22-ші, 2018 жылы 32-орында болған.

Рейтингіні 2015 жылдан бері Сингапурдағы Crescent агенттігі жасап келеді. Ол әлемнің 130 өлкесіндегі мұсылман нысандарын 40-тан астам өлшемімен бағалайды.

XS
SM
MD
LG