Ссылки доступа

Душанбе түрмесіндегі жазасын өтеушілер жаңа түрмеге көшіріле бастады (видео)


Душанбедегі №1 абақты

Душанбенің №1 түзету абақтысында қамауда отырған азаматтар Вахдат қаласында жаңадан салынған түрмеге ауыстыралы бастады. Бұл жөнінде Тәжікстанның Жазаларды атқару қызметі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, жаңа абақты халықаралық талаптарға жауап береді.

"Біз қамаудағылардың туыстарына қайрылып, жақындарының жеке бұйымдарын алып кетуі керек екенін ескерттік. Бұйымдарды жазасын өтеушілер жаңа түрмеге ауыстырылғаннан кейін қайта берсе болады",- деді мекеме өкілі.

Ол Вахдаттағы жаңа түрмеде тұтқындар бұрынғыдай барактарда емес, камераларда бірнеше кісіден отыратынын айтты.

Заключенных тюрьмы №1 переведут в новое исправительное учреждение в Вахдате
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00

Соңғы жылдары Тәжікстан түрмелерінде бірнеше рет бүлік болған: біріншісі 2018 жылы қарашада Хожент түрмесінде болса, екіншісі, 2019 жылы мамырда Вахдат қаласындағы түзету мекемесінде орын алды. Бүлік кезінде 50 адам қаза тапқан. Билік бұл оқиғалар үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" тобына жүктеген.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, бүліктің негізгі себебі түрмедегі ауыр жағдайлар мен тұтқындардың құқықтарының жүйелі түрде бұзылуы себеп болған.

Бүгінгі күні Тәжікстанда 19 түзету абақтысы бар. Екі жыл бұрын Тәжікстан Конституциясының 25 жылдығына қарсы рақымшылық жарияланғанға дейін 13 мыңға жуық тұтқын болған. Рақымшылық заңымен жеті мыңға жуық адам бостандыққа шыққан.

XS
SM
MD
LG