Ссылки доступа

Өзбекстанда оппозициялық партия жетекшісінің мүлкін тәркілеп, тағы бір белсендіні үйден қуып жатыр (видео)


Сотрудники Бюро принудительного исполнения вывезли всю бытовую технику из дома лидера партии «Хакикат ва Тараккиёт» («Справедливость и Развитие») Хидирназара Аллакулова. Ташкент, 12 июля 2021 года.
Сотрудники Бюро принудительного исполнения вывезли всю бытовую технику из дома лидера партии «Хакикат ва Тараккиёт» («Справедливость и Развитие») Хидирназара Аллакулова. Ташкент, 12 июля 2021 года.

"Хакикат ва Тараккиёт" ("Ақиқат пен Даму") социал-демократиялық партиясының жетекшісі Хидирназар Аллакуловтың айтуынша, билік оппозициялық партия өкілдеріне қысым көрсетуін доғарар емес.

Азаттық радиосы өзбек қызметімен сұқбаттасқан Хидирназар Аллакуловтың айтуынша, 12 шілдеде Ташкент қаласы Юнусабад ауданының Мәжбүрлі түрде орындату бюросының қызметкерлері оның пәтеріндегі тұрмыстық техниканы - телевизор, кір жуғыш және қысқа толқынды пешті тәркілеген.

Еске салайық, биыл 4 мамырда Юнусабад ауданының әкімшілік істер жөніндегі соты Аллакуловты "жала жапты" деп танып, оған 4 миллион 900 мың сум (шамамамен 470 доллар) айыппұл салған.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Аллакулов пәтерден тұрмыстық техниканы шығарып жатқан адамдарға қайрыла сөйлеген: "Менің барлық мүлкім осы, алыңдар, қалағандарыңды алыңдар. 4 миллион 900 мыңның емес, 17 миллионның техникасы. Мен қарсы емеспін. Бірақ Шоввозсой ісіндегі халықтың 1 миллиард ақшасына кім есеп береді? Пандемиямен күреске бөлінген миллиондардың есебін кім береді?".

Еске салайық, биыл 31 наурызда шамамен жиырма шақты жігіт Хидирназар Аллакуловқа үйінің алдында шабуыл жасады. Олар саясаткерді балағаттап, саясаттан кетуін талап етті.

Ертесіне Аллакулов құқық қорғау органдарына шағымданды. Алайда оған шабуыл жасаған адамдар да шағым түсіргені мәлім болды. Құқық қорғау органдары саясаткердің шағымын қараусыз қалдырып, оның өзінің үстінен іс қозғады.

Жақында Мәжбүрлі орындау бюросының қызметкерлері "Хакикат ва Тараккиёт" партиясының мүшесі Мұхаммадамин Шерматовты отбасымен, немерелерімен бірге он төрт жыл тұрған баспанадан қуып шыққалы жатқаны мәлім болды. Белсенді үйді үш күннің ішінде босатуы тиіс.

Шерматов бұны саяси қызметі үшін биліктің қысымы деп есептейді.

– Мен туысымның үйінде тұрамын, өйткені баспана алуға ақшам жоқ. Он төрт жыл бойы осында тұрып келдім. Ешкім ештеңе деген жоқ. Енді менің саяси қызметіне байланысты туысыма мені үйден қуып шығуға арыз жаздырып алыпты. 14 адамды көшеге қуып шықпақ. Қайда барарымызды білмейміз, – дейді Мұхаммадамин Шерматов.

"Хакикат ва Тараккиёт" белсенділерінің айтуынша, билік партияның саяси қызметін тоқтатуды көздеп отыр.

Хидирназар Аллакулов жаңадан құрылған "Хакикат ва Тараккиёт" партиясын тіркеп, Өзбекстан президентін сайлауға түскісі келген. Алайда әділет министрлігі саяси ұйымды тіркемей отыр.

Өзбекстанда президент сайлауы 24 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG