Ссылки доступа

Қырғызстан Тәжікстанға қашқан ауған қырғыздарын көшіріп әкелу мәселесін қарастырып жатыр


Тәжікстанға қашып өткен ауған қырғыздарына медициналық жәрдем көрсету үшін Қырғызстан халықаралық "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымынан көмек сұрамақшы.

Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Жылдыз Бакашова сыртқы істер министрлігіне (СІМ) осындай тапсырма берген.

Оған сәйкес СІМ Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Босқындар комиссариаты және Тәжікстан билігімен этникалық қырғыздарды Қырғызстанға өткізу мәселесін көтеріп жатыр. Жылдыз Бакашова аталған мекемеге ауғанстандық қырғыздарды эвакуациялау үшін қолайлы жағдай жасап, медициналық және құқықтық жәрдем көрсету жағын қарастыруды тапсырған.

"Талибан" қозғалысының шабуылдарынан қауіптенген ондаған ауған қырғыздары 14 шілдеде Тәжікстанға қашқан. Ресми мәлімет бойынша, қазір олардың саны - 347. Жолда екі сәби шетінеп кеткен.


XS
SM
MD
LG